Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 12.00-де Астана қаласында шақырылсын» делінген хабарламада.